ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

06/08/2026

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Самар ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған тәуекелді жою жөніндегі

Ішкі талдау жүргізілген кезең: 2026 жылғы 1 шілдеден 17 шілдеге дейін.

Анықталған тәуекел Тәуекелді жою жөніндегі іс-шаралар Орындау мерзімі Жауапты тұлғалар Аяқтау нысаны
1 Еңбек шарты тоқтатылған кезде қызметкерге тиесілі сомаларды уақтылы төлемеу, сондай-ақ қаражат жеткіліксіз болған жағдайда міндетті төлемдердің кезектілігін субъективті айқындау мүмкіндігі. 1) Жұмыстан босатылатын қызметкерге тиесілі барлық сомалардың алдын ала есебін жүргізу.
2) Еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықты және қажетті кадрлық құжаттарды бухгалтерлік қызметке уақтылы беру.
3) Түпкілікті есеп айырысу үшін ақшалай қаражаттың бар-жоғын алдын ала тексеру.
4) Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда кәсіпорын басшысын дереу жазбаша хабардар ету және қаржыландыруды қамтамасыз ету шараларын қабылдау.
5) Жекелеген қызметкерлерге негізсіз артықшылық бермей, міндетті төлемдерді жүргізудің бірыңғай және ашық тәртібін қамтамасыз ету.
Тұрақты Кадр қызметі, бас бухгалтер, бас экономист, комплаенс-офицер Төлемдер есебі; құжаттардың берілгені туралы белгі; қаражат жеткіліксіз болған жағдайда қызметтік жазба; орындалуын бақылау белгісі

Жоспардың орындалуын бақылау: «Самар ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК.

Posted in Новости